Фаниган Дэй
Диклофенак 5%
Фаниган Дэй - ауыруды, қабынуды және ісінуді емдеу үшін 5% диклофенактың жоғары концентрациясы бар иісі жоқ түссіз гель
ҚҰРАМЫ
Диклофенак 50 мг
Диклофенактың тиімді концентрациясы есебінен айқын емдік әсері бар
Қолданылуы:
Бұлшықеттер мен сіңірлердің созылуын, жарақаттануды, дене жүктемесін жасағанда және буындар аурулары кезінде бұлшықеттер мен буындар ауырсынуын жергілікті емдеу
Бұлшықеттер ауыруында
Буындар ауыруында
Сіңірлер мен байламдар зақымданған кезде
Жарақаттар алғанда
Буындар ауруларында
Жұмсақ тіндердің жарақаттары кезінде
Қалай қолдану керек?
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға тәулігіне 2 рет жұқалап жағып, сәл ысқылау керек.
Фаниган Дэй үйден тыс жерде қолдануға жарамды
ФАНИГАН ДЭЙДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Сыртқа қолдануға арналған 30 гр және 100 гр гель
- Құрамы
- Диклофенак 50 мг
- Қолданылуы
-
Келесі жағдайларда ауырсынуды, қабынуды және ісінуді симптоматикалық емдеу:
- жарақаттар алу салдарынан сіңірлердің, байламдардың, буындардың, бұлшықеттердің зақымдануында
- буындардың дегенеративтік ауруларында (тізе немесе ұсақ буындардың артрозы)
- ревматизмдік аурудан туындаған жұмсақ тіндердің ошақталған зақымдануларында
- Қолдану тәсілі және дозалары
- ФАНИГАН ДЭЙ тәулігіне 2 рет қолданылады, жұқалап жағып, сәл ысқылайды
- Жағымсыз әсерлері
- ФАНИГАН ДЭЙ аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін - дерматит, бөртпе, қызару, экзема, қышу, эритема және т. б.
- Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСД қабылдауға жауап ретінде туындаған бронх демікпесі ұстамаларының, есекжемнің немесе жедел риниттің болуы
- Айрықша нұсқаулар
- Балалық шақта қолдану:14 жасқа дейінгі балаларға тағайындау қарсы көрсетілімді
Жүктіліктің III триместрінде және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды - Дәріханалардан босатылу шарттары
- Рецептісіз.
- Өндіруші
- Кусум Хелткер Пвт. Лтд., СП 289 (А), Риико Индл. Ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:
«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Достық даңғ., 117/6, «Хан-Тәңірі» БО. Телефон/факс: 8(727) 295-26-50 E-mail: claims@kusum.kz
19.11.2020 ж. ҚР-ДЗ №022132 - Тіркеу мерзімі
- Қолданылу мерзімі шектеусіз
Қайдан сатып алуға болады?
Емдеуді қазірден бастаңыз! Фаниган Гельді сіздің қалаңыздағы дәріханалардан немесе интернет-дәріханалардан іздеңіз: