Фаниган Фаст

Зығыр дәні майымен

Фаниган Фаст гель - бұлшықеттер мен буындар ауыруларын тиімді емдеу үшін жұмсақ өсімдік және күшті қабынуға қарсы стероидты емес компоненттердің оңтайлы үйлесімі.

Pack
back

ҚҰРАМЫ

photo

Диклофенак

photo

Тіндердің қабынуы мен ісінуін басады.

photo

Метилсалицилат

photo

қабынуға қарсы әсері бар.

photo

Зығыр майы

photo

Антиоксиданттық қасиеттері бар, қабынуды азайтуға көмектеседі.

photo

Ментол

photo

Алаңдатқыш және ауырсынуды басатын әсерді қамтамасыз етеді.

Қолданылуы:

Бұлшықеттер мен сіңірлердің созылуын, жарақаттануды, дене жүктемесін жасағанда және буындар аурулары кезінде бұлшықеттер мен буындар ауырсынуын жергілікті емдеу

Бұлшықеттер ауыруында

Буындар ауыруында

Буындардың қабынуында

Жарақаттар алғанда

Соғылуларда

Бұлшықеттер мен сіңірлер созылуында

Қалай қолдану керек?

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға 2-4 г гельді (4-8 см жолақ) теріге жұқалап жағады және тәулігіне 2-3 рет сәл ысқылайды.

Фаниган Фаст үйде қолдану үшін ұсынылады

Қарау

5

Фаниган® Фаст гельдегі табиғи және синтетикалық заттар үйлесімінің артықшылығы:

Қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы

Тәулігіне 2-3 рет қолдану керек - гель киімде із қалдырмай тез сіңеді .

Әсер ету жылдамдығы

Препарат қолданудан бірнеше минут өткен соң әсер ете бастайды. 20-30 минуттан кейін әсері барынша болады. Негізгі клиникалық симптомдар алғашқы күндерде кетеді.

Жоғары концентрациясы

Гельдің жағылған жерінде белсенді компоненттердің концентрациясы жоғары болады.

Пациенттерге көмек

Жедел, сондай-ақ созылмалы қабынбалы аурулары бар пациенттерге көмектеседі.

Артық дозалану екіталай

Гельдің фармакологиялық заттары дозасының бар болғаны 5% - ы қанға сіңеді.

ФАНИГАН ФАСТТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Құрамы
10 мг натрий диклофенагы, 100 мг метилсалицилат, 50 мг ментол, 30 мг зығыр майы
Қолданылуы
  • миозитте, фиброзитте
  • бұлшықеттер мен сіңірлердің созылуларында, тірек-қимыл аппаратының жарақаттарында
  • ауыр дене жүктемелерін жасағанда бұлшықеттер мен буындардың ауыруларында
  • жұмсақ тіндердің ревматизмдік зақымдануларында (бурсит, артрит, тендовагинит)
Қолдану тәсілі және дозалары
2-4 г гельді теріге жұқалап жағып, тәулігіне 2-3 рет сәл ысқылайды. Орташа тәуліктік дозасы 100 мг натрий диклофенагын құрайды. Препаратты зақымдалмаған теріге жағу керек. Емдеу курсының ұзақтығы дәрігердің кеңесінсіз 10 күннен аспауы тиіс.
Жағымсыз әсерлері (сирек)
Тері бөртпесі, ісіну және күлдіреуіктердің, папулалардың, қабыршақтардың пайда болуы, қызару; терінің құрғауы; ашыту немесе жыбырлату сезімі; терінің қышуы, есекжем
Қолдануға болмайтын жағдайлар
  • диклофенакқа және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • эпидермистің зақымдануы, қолданған аймақтағы ашық жарақаттар
  • ацетилсалицил қышқылын қабылдау аясындағы демікпелік статус
  • асқазан мен 12-елі ішектің өршу сатысындағы ойықжарасы
Айрықша нұсқаулар
Балалық шақта қолдану:12 жасқа дейінгі балаларға тағайындау қарсы көрсетілімді
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз .
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд., СП 289 (А), Риико Индл. Ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері:

«Дәрі-Фарм (Қазақстан)» ЖШС, Алматы қ., Достық даңғ., 117/6, «Хан-Тәңірі» БО. Телефон/факс: 8(727) 295-26-50 E-mail: claims@kusum.kz

09.12.2019 ж. ҚР-ДЗ № 014609
Тіркеу мерзімі
09.12.2024 ж. дейін

Қайдан сатып алуға болады?

Емдеуді қазірден бастаңыз! Фаниган Гельді сіздің қалаңыздағы дәріханалардан немесе интернет-дәріханалардан іздеңіз:

*ӨЗІН-ӨЗІ ЕМДЕУ СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА ЗИЯН ТИГІЗУІ МҮМКІН!
Тағайындар және қолданар алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысып шығу керек.